Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысы ОСК төрағасы Берік Имашевті қабылдады

Бұл жолғы сайлау пандемия кезеңімен тұспа-тұс келгендіктен, қатысушылардың қауіпсіздігін сақтау басты назарда болды. ОСК төрағасы Берік Имашев осы мақсаттағы атқарылған шаруалардың барысын баяндады. Жергілікті мемлекеттік басқару органдарының сайлау науқаны кезіндегі тәжірибесімен таныстырды. Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.