Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысы АХҚО басқарушысын қабылдады

Биылғы Жолдауында Президент Үкіметке осы орталықтың әлеуетін тиімді пайдалану қажеттігін айтқан. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев орталықтың басқарушысы Қайрат Келімбетовтің есебін тыңдады. Кездесуде Жолдауды іске асыру және экономикалық өсімді қалпына келтіру мәселелері талқыланды. Қайрат Келімбетов Президентке қаржы орталығының 2025 жылға дейінгі жұмыс жоспарын баяндап берді. Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.