Хабар телеарнасы

Nur Otan партиясы Саяси кеңесі бюросының отырысы өтті

Ал қыркүйек айында басталатын ішкі үгіт-насихат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарына сәйкес орындауы қажет. Партияның Саяси кеңесі бюросының отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы мәселелерге мән беруді тапсырды.

Бюро отырысында қос мәселе талқыға түсті. Әуелгісі – Nur Otan жұмысын қайта жандандыру. Содан соң жаңарудың негізгі кезеңдерінің бірі – ішкі іріктеуді өткізу. Осыдан бір жыл бұрын Саяси кеңестің кеңейтілген жиынында партияны жаңғыртудың басты міндеттері айқындалған болатын.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Бір жыл ішінде жұртшылық партияға өз мәселелерін шешу үшін жиі жүгінетін болды. Өз мәселелерін жыл басынан бері 270 мың адам жүгініпті, карантин кезинде онлайн өтініштер де бес есе көбейді. Бұл мәселелердің жартысынан астамы өз шешімін тауып, қалғандары бойынша тиісті кеңестер берілді.

Төтенше жағдай кезінде одан кейін де Nur Otan белсенділік танытты. Мәселен, «Birgemiz» қорынан әлеуметтік аз қамтылған азаматтар мен медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне қолдау көрсетілді.

Праймериз кезінде партияның белсенді, сауатты және патриот мүшелері анықталады. Өткен аптада Елбасы Үндеу жолдаған болатын. Содан бері праймеризге қатысуға бел буып, өтініш бергендердің саны көбейді. Партияішілік іріктеуге аса қатты қызығушылық барын Нұрсұлтан Назарбаев атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Люди хотят активнее участвовать в общественной и политической жизни страны. Мы выбрали правильный вектор перезагрузки партии. Важно обеспечить открытый диалог для совместного решения проблем страны. Задача праймериз – сформировать народные партийные списки. На конкурентной основе выбрать авторитетных лидеров с высокой общественной поддержкой, знающих реальное положение дел, активных людей.

Жергілікті жерде түйткіл көп. Праймеризге қатысушылар сол көп кемшілікті мәселе қылып көтеруі тиіс. Айтып қана қоймай, шешу жолын ұсына білуі қажет. Праймериздің бір көздегені – осы. Яғни ортасына сыйлы, идеясын іске асырып, көпшіліктің қолдауына ие болатын азаматтарды іріктеу. Ішкі іріктеудің бір кезеңі аяқталды. Бюро отырысында партия төрағасы ұйымдастыру жұмыстарының сапасына назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Праймериз надо организовать честно, прозрачно и в равных условиях для всех участников. Внутрипартийная агитация начнется в сентябре. Исходя из ситуации с коронавирусной инфекцией следует провести ее в строгом соответствии с рекомендациями Минздрава. Максимально принять все меры безопасности. Наш главный приоритет – это здоровье людей.

Бұрын сайлау кезінде Nur Otan жалпы республикалық жалғыз сайлауалды тұғырнама әзірлейтін. Елбасының тапсырмасына сәйкес бұл жолы 216 өңірлік сайлауалды бағдарламаның жобасы дайындалды. Партия ұсыныстарға ашық.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Мы создали социальный лифт для всех, кто готов на деле участвовать в развитии своего региона и страны. В сентябре будут опубликованы все 216 проектов местных программ. Широкое обсуждение позволит привести наши электоральные задачи в соответствие с запросами и нуждами населения. Программы на пятилетний срок будут доработаны с учетом мнения людей, увязаны с бюджетными возможностями каждого района, города и области.

Жастарға, әйелдерге партия тарапынан қолдау бар. Квота қарастырылып отыр. Соның нәтижесі болар, праймеризге қатысушылардың басым бөлігі – әйелдер мен жастар. Елбасы назар аударған тағы бір мәселе «Жастар – Отанға» бағдарламасы. «Бағдарламада нақты жұмыс істейтін механизмдер болуы керек», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ пандемия жағдайында озық технологияларды көбірек қолдаунды тапсырды.

Партия бірлікке ұйытқы болуы тиіс. Бірліктің арқасында кез келген қиындықты еңсереміз. Тұрақтылық пен тыныштықты сақтау үшін үйлесімді жұмыс керек деп отырысты түйіндеді Елбасы.

Авторы: Дархан Әбдуахит