Хабар телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Kezdesu

Мемлекет басшысына Ұлттық банк төрағасы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары, ақша-несие саясатының тиімділігін арттыру бағытында берілген тапсырмалардың орындалу барысы, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту жайында есеп берді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.