Хабар телеарнасы

Михаил Саакашвили: Нұрсұлтан Назарбаевты тәлімгерім деп танимын

Танымал саясаткер Қазақстанның Тұңғыш Президентін «тәлімгерім» деп таниды. Ол Нұрсұлтан Назарбаевты екі елдің де жанашыр досы екенін айтады. Ең алғаш рет Грузияға инвестиция тартқан Нұрсұлтан Назарбаев әлемнің ең ықпалды саясаткері дейді Михаил Саакашвили. Украина сыртқы істер министрінің орынбасары Евгений Енин де арнамыз арқылы Қазақстан халқына құттықтауын арнады.

Михаил Саакашвили, Украинаның реформаларды атқару комитетінің басшысы:

– Қазақстан астанасында бірнеше рет болдым, тамаша қала. Бұл қала бәрімізге үлгі. Нұрсұлтан Әбішұлы қазақ мемлекетінің ғана емес, Грузияның да іргесін бекітті деп айта аламын. Алғаш рет Грузияға ірі инвестиция тартып, сол арқылы экономикамызды нығайтты. Нұрсұлтан Назарбаевты өзімнің тәлімгерім деп танимын.

Евгений Енин, Украина сыртқы істер министрінің орынбасары:

– Шын көңіліммен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарын қала күнімен құттықтаймын. Нұрсұлтан Әбішұлы аңыз адам, екі елдің қарым-қатынасын бекіткен Украинаның үлкен досы. Қаланың қалай құрылғанын бәріміз көрдік, шаһар күн санап көркеюде. Бұл үрдіс болашақта да жалғасын табады деп сенеміз.