Қазақстанның бірқатар елшісі дипломатиялық дәрежеге ие болды
- Категория: Саясат

Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызмет күніне орай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келесі лауазымды тұлғаларға Төтенше және өкілетті елші дипломатиялық дәрежесін берді.
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлайды.
Атап айтқанда:
Асқар Оразалыұлы Шәкіров – ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары;
Бауыржан Әлімұлы Мұхамеджанов – Қазақстанның Грузиядағы Елшісі;
Ерлан Кеңесұлы Баударбек-Қожатаев – Қазақстанның Жапониядағы Елшісі;
Роман Юрьевич Василенко – Қазақстанның Словакиядағы Елшісі.
Сондай-ақ Мемлекет басшысымен бірқатар қазақстандық дипломаттарға кезекті дипломатиялық дәрежелері мен ҚР Президентінің Құрмет грамотасы берілді.