Хабар телеарнасы

Парламент V сессия жұмысын қорытындылады

Парламент V сессия жұмысын қорытындылады

84 заңға Президент қол қойып, өз күшіне енді. Парламент Палаталарының бірлескен отырысында сессия жұмысы қорытындыланды. Отырысқа Үкіметтің, жоғарғы соттың, конституциялық кеңестің, өзге де мемлекеттік органдардың жетекшілері қатысты. Бұл сессияда Мәжіліс депутаттары бастамашылық еткен заң жобалары бұрынғыдан көп болды. Ұзын саны 35 құжат әзірленді. Олардың қатарында халық өміріне елеулі өзгеріс енгізетін денсаулық кодексі, бейбіт шерулер, саяси партиялар туралы заңдар мен ардагерлер жөніндегі, ұстаздар мәртебесіне қатысты өзге де маңызды құжаттар бар.