Хабар телеарнасы

Үкімет басшысы мен өңір әкімдері есеп берді

Қазір елде қауіпті кеселді ауыздықтау үшін қандай шаралар жасалып жатқаны жөнінде Үкімет басшысы Асқар Мамин баяндады.

Ал елорда және Алматы әкімдері мен Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстарының басшылары өңірдегі ахуалды айтты. Президент Үкіметке және облыс басшыларына пандемияның таралуын тез арада шектеуге қатысты шұғыл әрі тиімді шаралар қабылдауға, коронавирусқа шалдыққан адамдарға нақты көмек көрсетуге, азаматтардан тест сынамасын алудың ауқымын кеңейтуге, дәрігерлерді арнайы қорғаныс құралдарымен, дәрі-дәрмектермен, өкпеге жасанды жолмен дем беретін аппараттармен және өзге де қажетті құрал-жабдықтармен қамтасыз етуді тапсырды.

Одан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев орталық және жергілікті атқарушы билік органдарына экономиканың құлдырауына жол бермеу, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісін арттыру, азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылдауды жүктеді.