Хабар телеарнасы

Мәулен Әшімбаев Сенат төрағасы болып сайланды

Maulen Ashimbayev

4 мамыр күні ҚР Парламентінің біріккен отырысында Сенат спикері сайланды. Бұл міндет Мәулен Әшімбаевқа сеніп тапсырылды. Мұның алдында Президент Қ.Тоқаевтың Жарлығымен М.Әшімбаев ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалғанын хабарлағанбыз.

Сондай-ақ ҚР ОСК Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттілігін тоқтатқан болатын. Президент Жарлығымен Сенат депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттілігі тоқтатылды.