05:02Эфирде: Телесериал «Братство десанта»
07:00Әрі қарай: «Самопознание»
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Мемлекет басшысы елордада екі аптаның ішінде салынған ауруханаға барды

  • Категория: Саясат
Мемлекет басшысы елордада екі аптаның ішінде салынған ауруханаға барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың елдегі эпидемиологиялық ахуал және инфекцияға қарсы медициналық көмекті жетілдіру жолдары туралы мәліметін тыңдады.

Медициналық мекеменің жалпы аумағы жеті мың шаршы метрді құрайды. 200 орынға есептелген аурухана медицина қызметкерлері мен ем алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заманауи құралдармен жабдықталған. Қазақстан Президенті дәрігерлермен әңгімелесу барысында отандастарымыздың денсаулығын сақтау үшін қажырлы еңбек етіп жатқан медицина қызметкерлеріне алғыс айтты.

«Сіздер пандемиямен күресте алдыңғы шепте жұмыс істеп жүрсіздер. Сіздерге ризашылығымыз шексіз. Күндіз-түні тынбай еңбек етіп жатырсыздар. Өкінішке қарай Алматыда дәрігерлерімізді індеттен қорғай алмадық. Қазір қалыптасқан төтенше жағдайды жою үшін күресудеміз. Сондықтан абай болғандарыңыз жөн, ең алдымен өз денсаулықтарыңызды сақтаңыздар», – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ...