Хабар телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Дмитрий Медведевпен кездесті

Сонымен қатар тараптар «Халықаралық және өңірлік қауіпсіздік, коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес» тақырыбында да пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Дмитрий Медведевті жоғары лауазымға тағайындалуымен құттықтады. Ал Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың маңызды даму кезеңінде тұрғанын айтқан Дмитрий Медведев елімізге жасаған сапарының символдық мәнін де ашып берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Сіздің мемлекеттік қызметтегі бай тәжірибеңіз Ресейдің мемлекеттілігін нығайту ісіне, әсіресе қазір, елдеріңіз өз дамуының жаңа кезеңіне қадам басқан кезде зор үлес қосатыны сөзсіз. Конституциялық реформалардың орны ерекше. Біз оны мұқият зерттеп жатырмыз. Әрине, біз одақтас әрі стратегиялық серіктес болғандықтан, Қазақстан оған айрықша қызығушылық танытады.

Дмитрий Медведев, Ресей Федерациясының Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары:

- Менің соңғы жылдары атқарған қызметтерімдегі мемлекеттік сапарларым, ең алдымен Сіздің еліңізге жасалды. Бұл бір-бірімізді жақсы түсінуге, стратегиялық серіктестігіміз бен одақтастық қатынастарымызды нығайтуға мүмкіндік береді деп ойлаймын. Біздің елдер қазір өз дамуының шешуші кезеңінде. Сіз Ресейде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформаларға назар аудардыңыз. Біз де Қазақстандағы үдерістерді мұқият бақылап отырмыз. Достас, серіктес саналғандықтан, басқаша болуы мүмкін емес. Біз бір-біріміздің дамуымызға көмектесіп қана қоймай, сондай-ақ белгілі бір деңгейде өткен кезеңнен, дамуымыздың кейбір сәттерінен сабақ алуымыз керек.