Абай облысында өрт сөндіруші қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапты

Желдің бағыты күрт өзгеруі салдарынан автоцистерна мен су таситын көлік жанып кетіп, денесін күйік шалған 36 жастағы Айдос Тоғызбаев ауруханада көз жұмды. Марқұмның артында әйелі мен 5 баласы қалды. Батылдығы мен жанқиярлық ерлігі үшін сержант Айдос Ерұланұлы ІІІ дәрежелі «Айбын» мемлекеттік наградасына ұсынылып отыр.