Хабар телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында жоғалған бала әлі табылмады

12 жасар Темірлан Ахмеджанов 14 тамызда түн ортасында үйден белгісіз бағытта шығып кеткен. Содан бері тоқтаусыз іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл іске жергілікті тәртіп сақшылары мен құтқарушылар және еріктілер тартылған. Жедел штаб құрылды. Қызметтік көліктер мен атты патрульдің көмегімен осы уақытқа дейін 1 мыңға жуық саяжай учаскесі мен көп қабатты үйлер, жер-төлелер тексерілген.

Темірлан Ахмеджанов аутизммен ауырады. Баланың үстінде көк жемпір, камуфляжды шалбар, жасыл түсті, аяқ киім болған.