01:00Эфирде: ҚР Әнұраны
05:00Әрі қарай: ҚР Әнұраны
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

ҚР Бас прокуратурасы мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ресми мәлімдеме жасады

  • Категория: Оқиға
ҚР Бас прокуратурасы мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ресми мәлімдеме жасады

ҚР Бас прокуратурасының қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев «қасіретті қаңтардың» оқиғаларын тергеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы айтпас бұрын сол оқиғалардың хронологиясына тоқталып өтті.

Серік Шалабаев, ҚР Бас прокуратурасының қылмыстық қудалау қызметінің бастығы:

- 1 қаңтарда Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында сағат 17:20-да қала әкімдігінің жанына жергілікті тұрғындар жиналды. Сұйытылған газ бағасын төмендету талабымен Мемлекет басшысының атына бейнеөтініш жазған соң, сол күні сағат 18:00-де адамдар тарады. Құқық қорғау органдары қару қолданған жоқ.

Қазіргі уақытта прокуратураға құқық қорғау органдарының әрекетіне 32 арыз келіп түскен. Өтініштер тексеріліп жатыр. Егер азаматтар өз құқықтары бұзылды деп есептесе, Бас прокуратураға 115 номері бойынша немесе тікелей аумақтық прокуратураға хабарласа алады.

Серік Шалабаев сөз соңында уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

ҚР ДСМ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Әсел Артакшинованың айтуынша төтенше жағдай енгізілген сәттен бастап 2678 зардап шегуші медициналық көмекке жүгінген. Оның ішінде амбулаториялық көмекке 1815, стационарлық емдеуге барлығы 863 адам жүгініп, 67 науқас ауыр халде реанимацияда жатыр.

Әсел Артакшинова, ҚР ДСМ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры:

- Жаппай тәртіпсіздік кезінде денсаулық сақтау объектілеріне 20 шабуыл жасалды. Бес ауруханаға, бір емханаға және Алматы қаласындағы 14 дәріханаға зиян келтірілді. Жеті медицина қызметкері зардап шекті.

Сондай-ақ...