Хабар телеарнасы

Жамбыл облысындағы жарылыс: 4 адам қаза тапты

Жамбыл облысындағы жарылыс: 4 адам қаза тапты

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, олар өртті сөндіріп жатқанда жарылысқа жақын жерде өте ауыр жарақаттар алған.

Әскерилендірілген күзет қызметкері Оразбек Далибаев, 1969 жылы туған, қойманы күзету бойынша қарауыл бастығының көмекшісі, оқ-дәрілер жарылысынан қаза тапты.

Төртінші марқұм - Оңтүстік аймақтың әскери прокуроры Арман Қапезов.

Еске сала кетейік, 2021 жылдың 26 тамызында сағат 19:10-да Байзақ ауданы Қайнар ауылында орналасқан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің No28349 әскери бөлімінің (инженерлік бригада) оқ-дәрі қоймасы жанды.

Оқиға орнына 30 есептеуден тұратын жедел жәрдем бригадасының және облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жіберілді. Апат болған жерге баратын барлық жолдар, соның ішінде теміржол уақытша жабылды.

Тараздағы әскери қоймада болған жарылысқа байланысты төтенше жағдайлар, құқық қорғау және медицина саласының өкілдері барынша жұмылдырылды.

Апат болған аумақтан эвакуацияланған тұрғындарға арнап облыс орталығынан 400-ден астам орын дайындалған.

Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 32 дәрігер мен 56 медициналық қызметкер жұмылдырылды.

Тұрғындар 109 нөміріне хабарласып, өзіне қажетті ақпаратты біле алады.

Бұдан бөлек, арнайы WhatsApp желісі іске қосылды. WhatsApp: 8 778 810 9109 109; 8 (7262) 51-41-67