Хабар телеарнасы

Жамбыл облысында теміржол қозғалысы қайта жанданды

Бұл туралы Шу ауданының әкімі хабарлады. Жолды жөндеу жұмыстарына 50 адам мен 20 техника жұмылдырылды. Еске салайық, жауын-шашын тасжолдың 3 метрін шайып кеткен. Соның салдарынан теміржол көпірі зақымданып, пойыздардың қозғалысына уақытша шектеу қойылған болатын.

Нұржан Календеров, Шу ауданының әкімі:

- Екі сағат 40 минутта бір бағыт бойынша тиісті пойыздар жүргізілді. Таңертең сағат 8:20 екінші бағыт бойынша да толығымен жөндеу жұмыстары бітіп, қайтадан қалпына келтіріліп, шектеусіз пойыздар жүріп жатыр. Автомобиль жолдары бойынша да таңғы 4:00-де қайтадан қалпына келтіру жұмыстары бітті.