Хабар телеарнасы

Аи-26 ұшақ апатында қаза тапқан әскери қызметшілерге әскери құрмет көрсетілді

Дәрігерлердің айтуынша, олардың денесі қатты күйген. Кешелі бері ажалмен арпалысып жатқан азаматтарға білікті мамандар операция жасады. «Апат салдарынан түрлі жарақат алған науқастардың жағдайы әлі де ауыр», – дейді дәрігерлер.

Дәурен Түсіпов, қалалық 4-клиникалық аурухананың бөлім меңгерушісі:
- Науқастарға барынша көмек көрсетілуде. Керекті мамандармен консилиум өткізіліп жатыр. Дәрігерлердің кеңесі бойынша емдік шаралар қабылдауда.

Алматы облысының Боралдай кентінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығы 13 наурызда ұшақ апатынан қаза тапқан офицерлерге әскери құрмет көрсету рәсімін өткізді. Ұлттық қауіпсіздік органдарында «бір минут үнсіздік» жарияланды. Қаза болғандарды жерлеу орнына жеткізуге көлік берілді. Марқұмдардың туыстары мен жақындарына қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

Оқиға ізімен құрылған ведомстволық комиссия әуе апатының барлық мән-жайын анықтау және борттық өздігінен жазатын құралды талдау жұмыстарын қолға алды.