Хабар телеарнасы

Экс-банкир Жомарт Ертаев 11 жылға сотталды

Онлайн форматта өткен сот отырысында Алмалы аудандық сотының судьясы Роман Селицкий банкирді 11 жылға бас бостандығынан айыру және дүние-мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарды.

Еліміздегі екінші деңгейлі банктердің бірінен 144 миллиард теңгені жымқырды деп айыпталған қаржыгермен бірге сотта 36 адамның ісі қаралды. Олардың арасында банктің бұрынғы топ-менеджерлері мен қатардағы қызметкерлер де бар.

Айта кетейік, бұған дейін Жомарт Ертаев кінәсін толық мойындап, өзінің іс-әрекетіне өкінетінін мәлімдеген болатын.

Роман Селицкий, Алмалы аудандық сотының судьясы:

– Қылмыстық Кодекстің 218 және 28-баптары бойынша Жомарт Ертаев 11 жылға бас бостандығынан айырылсын. Сондай-ақ оған жазасын өтеп болған соң 10 жыл бойы банк пен қаржы саласында жұмыс істеуге тыйым салынады.