Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Мәскеуге барды

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Мәскеуге барды

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. Президент ертең, яғни 24 маусымда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 13:00-де Қызыл алаңда Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысады. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев «Белгісіз солдат» қабіріне гүл шоғын қояды және Жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты қабылдауға қатысады. Қазіргі ауыр эпидемиологиялық ахуалға байланысты Мәскеу сапарының алдында Президент жоспарлы түрде коронавирусқа тест тапсырды. Қасым-Жомарт Кемелұлы бұған дейін де медициналық хаттамаға сәйкес үнемі тексеруден өтіп келеді.