Хабар телеарнасы

Қазақстанда үшінші адам коронавирустан жазылып шықты

Қазақстанда үшінші адам коронавирустан жазылып шықты

Бұл науқас 13 наурыз күні түнде Алматыға Берлин-Минск-Алматы чартерлік рейсімен ұшып келген. Ол вирусқа қарсы емді және терапияның толық курсын алды. Ауруы жеңіл түрде өтті. Емдеу кезінде жағдайы нашарламады. Қазір ол 14 күнге үй карантинге жіберілді.