Хабар телеарнасы

Нұр-Сұлтан қаласында қалааралық көліктер қатынасына шектеу қойылды

Президент жанындағы мемлекеттік комиссия осындай шешім қабылдады.

Наурыздың 18-інен 19-ына қараған уақыттан бастап енгізілетін шаралар мыналарды қамтиды:

  • Санитарилық-эпидемияға қарсы ауқымды іс-шаралар жүргізіледі;
  • Карантин аймағының периметрлері белгіленеді;
  • Адамдардың қозғалысына, көліктердің кіріп-шығуына шектеу қойылады;
  • Ауруды жұқтырғандар, күдіктілер, карантиндегілердің санаты бойынша арнайы емдеу мекемелері үздіксіз жұмыс істейтін болады;
  • Халық азық-түлікпен қамтылады;
  • Қоғамдық көлік қозғалыстары күндіз шектеледі. Ал түнде жүрмейді;
  • Ірі ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері уақытша жұмыс істемейді;
  • Азық-түлік пен дәрі-дәрмек сататын нысандар ғана ашық болады;
  • Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс режимі қайта қаралады;
  • Азық пен дәрілердің қоры тәулік бойы анықталып тұрады;
  • Карантин кезінде бұдан басқа да шаралар қабылданбақ.