Хабар телеарнасы

Ұлы Абайдың даналық сөздері — автобуста

Семейдегі қоғамдық көліктердің сыртына ақынның «Дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз», «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деген секілді қанатты сөздері жазылған. Ал автобустардың ішіне шағын кітап сөресі орнатылып, онда қазақтың ақын-жазушыларының туындылары, әртүрлі тақырыптағы шығармалар қойылған. Абай облыстық Мәдениет басқармасы өкілдерінің айтуынша, әр жолаушы өзіне ұнаған кітапты түсетін аялдамасына жеткенше оқи алады. Келесі мінген адамға ұсынып немесе үйден кітап әкеп қойса да болады.

Еркін Екібаев, қала тұрғыны:
-Кітап оқу автобус, үй деп қарамайды. Әр адамның зейініне, пейіліне байланысты. Кітаптар жақсы екен. Мағыналы, ұғынықты жазылған.