Хабар телеарнасы

Алматыда «Ағын» әлем драматургиясы театры ашылды

Жаңа театрдың ерекшелігі – сахнада тек 18 бен 28 жас аралығындағы жас актерлар ойнайды. Олар – Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі. Репертуарда қазақ және әлем жазушылары мен драматургтерінің шығармалары бар. Атап айтқанда Мұхтар Әуезов, Роллан Сейсенбаев, Уильям Сароян, Генри Миллер, Евгений Попов, Габриэль Гарсиа Маркестің шығармалары сахналанады. Қойылымдар мемлекеттік тілде жүреді, сондай-ақ, көрерменнің сұрауы бойынша субтитрлер беріледі. Жаңа өнер ошағының шымылдығы «Намыс» спектаклімен ашылды. Жазушы Роллан Сейсенбаев шығармасының желісімен сахналанған қойылымда қазақ-жоңғар соғысында қол бастаған қазақ батыры Күшікбай туралы шындық айтылады.