Хабар телеарнасы

Оралда Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» музыкалық драмасы көрермен назарына ұсынылды

Сазды-поэтикалық шығарма әйгілі композитор Шәмші Қалдаяқовтың қилы тағдыры мен халық жүрегінен орын алған сұлу әндерінің шығу тарихынан сыр шертеді. Жас актерлер композитордың Изольда есімді сыған қызына ғашық болған сәтін, тартысқа толы махаббат машақаты мен содан туындайтын сезім сырларын асқан шеберлікпен жеткізе білді. Спектакльдің қоюшы-режиссері «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Жасқайрат Валиуллиев. 

Серік Қайырлиев , қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:
-Премьерасын қойып отырмыз, алдағы уақытта осы қойылымды әрі қарай тұрақты түрде қаламыз қаламыздың көрермендеріне тарту ететін боламыз.