Хабар телеарнасы

Қазақ өнері қанатын кеңге жаймақ

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» ұжымы 5-ші халықаралық жоба бойынша гастрольге дайындалып жатыр. «Астана мюзикл» театрының өнеріне тәнті болған халықаралық фестивальдердің ұйымдастыру комитеті Оңтүстік Кореядан арнайы шақырту жіберді. Енді театр ұжымы әлемдік додада бақ сынайды. Сондай-ақ «Қазақконцерт» өнерпаздары еліміздегі бірқатар аудан мен елдімекенді аралап, халыққа өнерін паш етеді. Ал көктемнің алғашқы күні Астанада аты аңызға айналған «Гүлдер» ансамблінің жаңа құрамы тұсаукесер концертін өткізеді. Сонымен қатар кешке мәдени ұжымның алғашқы солистері де қатысады.