Хабар телеарнасы

Түркия тарихи орындарды жаңғыртуды бастады

Селжүктер дәуірлеген тұста тұрғызылған. Қазақстанмен байланыстылығы осында. Селжүк мемлекеті Орта Азияда құрылып кейінен жер аумағы Түркияға дейін жеткен. Сол тұстағы билеушілер құлшылық үйін салу үшін ата қонысындағы ұсталарды Анадолғы алдыртқан деседі. Біз барған бойда қабырғадағы өрнектерге көзіміз түсті. Алып тайқазанды бірден таныдық. Жоғырысында гүл, бұлбұл сияқты яғни береке, бейбітшілік, таулықтың нышандары бейнеленген.

Мұстафа Илдырым, мердігер компания өкілі: 
- Ұсталардың шеберлігін қараңызшы, түс ауған уақытта қабырғада намаз оқығалы тұрған мынадай ер адамның көлеңесі пайда болады. Ол есіктің кіреберісіндегі өрнектерден түсіп тұр. Бұл көріністі асыр намазы басталар кезде көресіз. Жалпы ғимаратта 10 мыңға жуық орнамент бар. Бәрін Орталық Азиядан арнайы алдыртқан ұсталар жасаған.

Мешіт жанында оқу орны мен аурханада жұмыс істепті. Дегенмен уақыт өте кешен қараусыз қалған. Бүгінде ол қайта қалыпына келтірілуде. Құрылыс келер жылы аяқталады.

Беркан Ташан, Мәдениет және туризм министрлігінің өкілі: 
- Селжүктер 13 ғасырдың аяғына дейін осындай ғимараттар салған. Соларды қалыпына келтіріп туристерді тартқымыз келеді. Тарихи орындар әсіресе Түркияның шығыс бөлігінде көп көздеседі.

Соның тағы бірі көк медіресе. Көлемі жағынан шағын болғанымен бұл ғимарат аймақта исламның таруына қомақты үлес қосқан. Ғасырлар бойына мұнда имамдар мен қарилар дайындалып, математика, астрономия ғылымы оқытылыпты. Шәкірттер үшін кітапхана, жатын орын бәрі қарастырлған.

Ердәулет Ыбырайұлы, тілші: 
- Сол кезеңнің өзінде орталықтандырылған су жүйесі болыпты. Ал шүмекті тастан ойып жасаған. Ал қолданылған суды құбыр арқылы сыртқа ағызыпты. Ол енді жер астында болғандықтан көру мүмкін емес. Мамандар сызбысын ұсынған.

Ал мынау бүгінгі күннің өркениеті. 230 метрлік жардың үсіне балкон орнатыпты. Батылың жетсе шыны еденімен жүріп маңайды тамшалауыңа рұқсат. Түрік мамандары осылайша өткен мен бүгінгінің жетістігін бір жерге үйлестіріп, демалушыларды көптеп тартудың амалын жасап жатыр. 

Авторлары: Ердәулет Ыбырайұлы, Ерзат Зайытхан