Хабар телеарнасы

«Көңілдің асыл пернесі» байқауының жеңімпаздары анықталды

«Көңілдің асыл пернесі» байқауының жеңімпаздары марапатталды. 2015 жылы басталған жоба биыл үшінші рет халықаралық деңгейде өткізіліп отыр. 12-17 жас аралығындағы 500-ге жуық өнерлі оқушы додада бақ сынаған. Олардың арасынан 136 әнші ақтық сынға өткен. Ал шетелдіктерге арналған номинацияда 6 елдің оқушылары қазақтың әнін шырқап, сайысқа түсіпті. Айта кетейік, қазақтың дәстүрлі әндерін насихаттайтын жоба бүгінгі күнге дейін 3,5 мың жас өнерпазды қамтыған.

Раушан Исағұлова, жүлдегер: 
- Әнді 11 жасымнан айтып жүрмін. Менің анам ән айтып жүрген соң қатыстырды конкурстарға. «Бабамнан қалған кең дала» номинациясында 1 орын алдым. Қуанып тұрмын. Алғысымды білдіремін. Ата-анама, мектебіме. Тоқтамаймын.Тек алға!