Хабар телеарнасы

Алматыда «Өмір жолымдағы соңғы көш» кітабының тұсауы кесілді

Өткен ғасырдағы ашаршылық пен қуғын-сүргін қазақ тарихындағы ең ауыр сынақ болды. Миллиондаған адам көз жұмып, мыңдаған адам елден кетіп, жарты әлемге босып кетті. Құнды жәдігердің таныстырылымы Алматыдағы Ұлттық кітапханада өтті. 12 тараудан тұратын еңбекте автордың 1950 жылдары өзі көрген оқиғалары жазылады. Бір қауым елдің Қытайдан Гималай асып, Үндістанға сәл тұрақтап, Түркияға орнығып, Германияға қоныстанғаны баяндалады. Азиядан Еуропаға шыққан көш кезіндегі жол азабы мен басқа да қиындықтар бүкпесіз беріледі.

Абдуррахман Четин, «Кельн қазақ мәдени орталығының» құрметті төрағасы:
- Сегіз жасымнан бастап 83 жасыма дейінгі өткен өмірімді толықтап, соны жаздым. Кітабыма көзбен көрген, қолмен ұстаған шындықтың бәрі жазылды. Бұл кітапты үш жылда жаздым. 

Зуфар Сейтжанов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, профессор:
- Бірінші тарихи кітап, екінші бұл Абдуррахман Четин ақын екен. Өлеңдері қоса берілген. Үшіншіден бұл этнографиялық сипаттағы кітап. Фольклорлық сипаттағы жазылған өлеңдер, этнографиялық қыз ұзату, қонақ күту деген сияқты, жоқтау, сосын көбінесе арнау.