Хабар телеарнасы

«Junior Eurovision 2022» байқауы Арменияның Ереван қаласында өтеді

Тартысты додаға еліміздің атынан 11 жастағы Давид Чарлин өнер көрсетеді. Дарынды өрен қазірдің өзінде дайындық қыза түскенін айтады. Екі әнге бейнебаян түсіріп, ақтық сынға ән жазу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Қазақстан балалар арасындағы бас додаға осымен бесінші рет қатысады. Бұл – «Хабар» Агенттігінің 2016 жылдан бері Еуропалық хабар тарату одағының қауымдасқан мүшесі атануының арқасында мүмкін болып отыр.