Хабар телеарнасы

Парижде Роза Бағланованың 100 жылдығына орай еске алу кеші өтті

Ән падишасының мерейтойы ЮНЕСКО-ның айтулы күндер тізіміне енгізіліп, халықаралық деңгейде тойланды. Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының қолдауымен өткен кешке еліміздің эстрада жұлдыздары мен классикалық жанр әншілері қатысты. Тыңдарманның құлақ құрышын қандырып, өнер сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді. 

Нұржамал Үсенбаева, ҚР халық әртісі:
- Мен үшін үлкен мәртебе осындай керемет концертке қатысқаным. Бұл біздің қазақ өнеріміз. Біз сол үшін келдік. Қазақ өнері, қазақ дәстүрі жасай берсін, дами берсін.

Тәжен Бағланов, Роза Бағланованың ұлы:
- Таланты мен шығармашылығы халықтың жадында сақталған тұлға. Сирек кездесетін ерекше тұлға. ЮНЕСКО-ның елеп, құрмет көрсетіп отырғаны қуантады.