Хабар телеарнасы

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланып жатыр

Ұлт ұстазы ұлықталған жиынға қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткерлері, отандық және шетелдік ғалымдар мен зерттеушілер қатысты. Ахаң алаш үшін ардақты құндылықтардың жолында еңбек етті. Оқу, ғылым мен мәдениетті біріктірді. Ғалымдар Ахмет Байтұрсынұлын Леонардо да Винчимен салыстырды. Шара аясында ұлт ұстазының ағылшын тіліндегі еңбектерінің жинағы таныстырылды. Бұл кітап ЮНЕСКО кітапханаларын толықтырады. 

Мәмбет Қойгелдиев, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі:
- Өкініштісі, соңғы жылдарға дейін біз оны тек қана Ресейдің жалпы империялық контексті ретінде қарап келдік. Бүгінгі мұра ЮНЕСКО шеңберінде Париж қаласында орналасқан Ахмет Байтурсынұлының 150-жылдығының мерейтойы мынау біздің қазақ тарихын, оның мәденитін халықаралық дәрежеде тарату үшін өте маңызды оқиға.