Хабар телеарнасы

Мархаба Сәби «Хабар» арнасы эфирінде жаңа әнінің тұсауын кесті

«Қоңыр» деп аталатын туынды алғаш рет «Хабар» телеарнасының «Оян» таңғы бағдарламасында орындалды. Өмір туралы ой қозғап, тамаша мотивация берген ән Мархаба Сәбидің өзіндік стилінде орындалып, көпшіліктің зор ықыласына бөленді.

Көптен бері теледидардан көрінбей кеткен әншінің жаңа туындысы «Ұнайды», «Қой күрсінбе», «Mi,Qi», «Shai-Pai» әндер сияқты хитке айналуы мүмкін.