Хабар телеарнасы

Елордада жаңа әлемдік рекорд: «Әлем музыкасы» атты жобаға 51 елден 75 ұлттың өкілі қатысты

Шара Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі қарсаңында өткізілді. Оған Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев қатысты. Ол іс-шараны ұйымдастырушылар мен музыканттарды жаңа рекордтың тіркелуімен құттықтай келе, өнерде шекара болмайтынын айтты.