Хабар телеарнасы

«Хабар» арнасы «Барыс Generation» телехикаясын ұсынады

15 бөлімнен тұратын отандық тың туынды «Хабар» Агенттігінің тапсырысымен таспаланған. Жалпы біздің арна отандық спортқа әрдайым қолдау көрсетіп келеді. Агенттік төрағасы Ерлан Бекхожин: «Мұз үстіндегі белді спортшыларымыздың жүріп өткен жолы көпті жігерлендіреді», – дейді. Сондықтан бұл жоба ешкімді де бей-жай қалдырмайтыны анық. Бүгін Хабар арнасында 22-30-да Барыс телесериалын өткізіп алмаңыз!

«БАРЫС GENERATION». Дәл осылай 25 қарашадан бері жарнамалап жатырмыз. Енді ше?! Шетелдің қаңсығын гөрі өзіміздің тамаша төл туынды үшін көрімдік сұрағанымыз жөн емес пе?! Оның үстіне, бұл жәй таспалай салған дүние емес. Ұйымдастырушылар кәдімгідей күш салдық деседі. Бірақ бірден айтайын, атыс-шабыс, қырып-жою, қан-жоса жоқ. Керісінше спорт, шабыт, жігер әлгі....аздап махаббат бар. Енді онсыз сериалды елестетуге бола ма?!

Сәбит Рақымбаев, фильмнің продюсері:

- Кез келген фильмнің желісінде терең тарих жатады. Бұл – әрине, бірінші кезекте хоккей туралы сериал. Бұдан бөлек, алғашқы махаббат, алғашқы көзқарас, алғашқы қадам мен бауырлар арасындағы оқиға, отбасылық мәселе дегендерді де қамтыдық. Сондықтан хоккейден бөлек, мұнда әрбір адам өз өміріндегі жағдайларды көретін болады.

Бұл сериалдың таспалануына «Барыс» хоккей клубы әсер еткен. Себебі отандық ұжымның ойыны жақсы. Содан болар, көрермендер мұз үстіндегі мұзбалақтардың өнерін жиі тамашалайды. Енді қараңыз...Осы фильм арқылы спорттың артында жасырынып тұрған талай тер мен еңбекті көресіз. Бұл өз кезегінде жастарға салауатты өмір салтын насихаттайды. Еліктеп өсетін өскелең ұрпақтың өрісін кеңейтіп, шабыттандырады.

Кемелбек Ойшыбаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары:

- Мына «Барыс Generation» телехикаясы әрине, біріншіден, бұқаралық спортты насихаттауға болады. Екіншіден, жастарға осы спортқа жақын болу туралы, спортпен айналысу керек туралы сол бағытта насихаттайтын сериалдардың бірі. Денсаулыққа, күш қуат жинау үшін спорттың қажеттігін түсінуге болады.

Бұл сериалды өткенде 25 қарашада қал-қадірінше әспеттеп, салтанатты түрде кинотетарда тұсауын кесті. Сериалға түскен және өнімнің сәтті шығуына атсалысқан адамдардың бәрі келді. Бір уыс кәмпитін алып «құтты болсын» - деп келгендерде көп болды. Хош. «Барыс» туралы бары осы. Қалғанын теледидардан көресіз. Айтпақшы, еліміз заманауи киноиндустрияны мықтап меңгерсе керек, жыл сайын осындай 50 сериал түсіретін бопты. Соңғы 5 жылда 250-ден астам өнім сәтті таспаланды.