Хабар телеарнасы

«Хабар» арнасында отандық хоккей спорты туралы алғашқы мотивациялық «Барыс Generation» атты телетуынды көрерменге жол тартады

«Хабар» арнасында отандық хоккей спорты туралы алғашқы мотивациялық «Барыс Generation» атты телетуынды көрерменге жол тартады

Қазақстандық хоккей командасы туралы жаңа тележоба 7 желтоқсан күні сағат 22:30-да «Хабар» телеарнасының эфирінде көрсетіледі.

«Хабар» Агенттігі спортты әрдайым қолдап келеді. «Хабар» телеарнасында спорт әлеміндегі ең маңызды оқиғалардың трансляциясын өткізу дәстүрге айналған. Біз қызметкерлеріміздің арасында спорттық мәдениетті тәрбиелеуге көңіл бөлеміз. Желтоқсан айында «Хабар» телеарнасының көрермендеріне қазақстандық хоккейдің жетістіктері мен бұқаралық спортты насихаттауға арналған жаңа телехикая жол тартады. Бұл жоба отандық спортқа деген қызығушылықты арттырып, біздің хоккей командамыздың имиджін нығайтатынына сенімдімін», – деді «Хабар «Агенттігі» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Ерлан Бекхожин.

Телехикаяның сюжеті бойынша жастар хоккей лигасынан шығып кетудің алдында тұрған жас клубтың бас жаттықтырушысы болып ҚХЛ-дың ойыншысы Бауыржан Есмұратов тағайындалады. Ол команданы біріктіріп, жеңіске жеткізе алады ма?

Сериалды түсіріліміне дайындық аясында актерлік құрам үш ай бойы «Барыс» хоккей клубының жаттықтырушылары штабының бақылауында хоккей ойыны бойынша арнайы оқудан өтті.

Идея авторлары: Дәуіт Шайхисламов, Мәлік Хасенов, Санат Шапашов, Сәбит Рахымбаев және Бахтиер Ысқақов.

Қоюшы режиссері: Ақан Мұсақұлов.

Актерлер: Ғазрет Ержанов, Ғани Құлжанов, Дарина Менисова, Әлішер Исмаилов, Алдияр Қуанышев, Айдана Қасымхан, Ақжол Сәбиғат, Роман Леонтьев, Никита Гаршин, Бекзат Достанов, Арелана Амангелдиева, Шах-Мұрат Ордабаев, Асылбек Қапаев, Евгений Шворнев.

Телехикая трейлері: https://www.youtube.com/watch?v=B0CQvkqF8sw&t=4s