Хабар телеарнасы

Алматыда бір апта бойы Венгрия киносының фестивалі өтті

Олардың қатарында «Оскар» сыйлығын алған фильмдер де бар.

Венгрия киносының фестивалі біздің елде дәстүрлі түрде өтіп келеді. Бірақ әлемдік пандемияға байланысты арада біраз үзіліс болып, карантин талаптары жеңілдеген соң, игі шара қайтадан жалғасты. Алматы жастары «Атакент Мол Кинопарк-5» кинотеатрында үш күн бойы мажар елінің туындыларын тамашалады. Жастар мен балаларға арналған «Минденки» фильміндегі Лиза есімді қыздың тағдыры көрермендерге ерекше әсер еткен секілді.  

Сая Тот, көрермен:

- Американдық кинолардан өзгешелеу, Еуропаның киносынан да кішкене ерекшеліктері бар. Мысалы, олардың әзілдері басқаша. Біз үйренгендегідей емес. Жақсы кино. Мектептегі оқушы қыздар туралы.

«Минденки» картинасынан бөлек, «Трезор», «Виски бандит» секілді көркем фильмдер де көбіне жастарға арналған», – дейді Венгрияның Алматыдағы бас консулы Ференц Блауманн. Біріншіден, қазір жастардың талғамы қысқа метражды киноларды қалайды. Екіншіден, бұл фильмдердің тәрбилік мәні де жоғары. Үлкен өмірге қадам басқан жастарға қателіктерге бой алдырмау үшін үлкен ой салады.

Ференц Блауманн, Венгрияның Алматыдағы бас консулы:   

- Мен осында жұмыс істеп жүргеніме 8 жылдан асты. Мұндай кинофестивальдарды бұған дейін де бірнеше рет ұйымдастырған болатынбыз. Мақсатымыз – кино саласындағы байланысты нығайтып, достық қарым-қатынасымызды арттыру. Бұл жолғы фильмдердің көпшілігі – «Оскар» сыйлығын алған қысқа метражды фильмдер. 

Сондай-ақ бұл жолы көрермен назарына сонау 80-ші жылдары түсірілген «Вук» атты анимациялық фильмде ұсынылды. «Егер Қазақстанның Венгриядағы елшілігі қолдау білдерсе, қазақ киноларының фестивалін Будапештте де ұйымдастыруға болады», – дейді мажарлық дипломаттар.

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Кенже Амраев