Хабар телеарнасы

Junior Eurovision 2021: Ұлттық іріктеу финалына 10 орындаушы есімі анықталды

Junior Eurovision 2021: Ұлттық іріктеу финалына 10 орындаушы есімі анықталды

халықаралық ән байқауында Қазақстанның атынан өнер көрсетуге жолдама алу құқығы үшін жарысқан 10 орындаушының есімі белгілі болды.

Көрермендердің онлайн-дауыс беру нәтижелері жобаның jevision.khabar.kz ресми сайтында жарияланды:

  1. Амантай Айганым Айбекқызы
  2. Бекнұр Жәнібекұлы
  3. Асгатова Амина Бауржанкызы
  4. Саакян Армен Ервандович
  5. Хамзин Алинур Азаматович
  6. Табарина Екатерина Денисовна
  7. Маким Жан Алиұлы
  8. Түгелбай Әлімжан Мейрамбекұлы
  9. Жұмабай Абілқайыр Досанұлы
  10. Суленова Адина Ерлановна

Биыл да өткен жылғыдай еліміздің сазгерлері финалистерге арнайы 2021 жылдың 6 қарашасында «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде өтетін гала-концертте шырқалатын 10 әнді жазып береді.

Junior Eurovision Ұлттық іріктеу жеңімпазы әділ қазылар алқасының бағалауы мен қазақстандықтардың SMS-дауыс беру нәтижелері бойынша анықталады.

Ұлттық іріктеу жеңімпазы Қазақстанның атынан 19 желтоқсан күні Парижде өнер көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш байқауға Қазақстанның төртінші мәрте қатысуы «Хабар» Агенттігінің Еуропалық хабар тарату одағының (ЕВU) қауымдасқан мүшесі атануының арқасында мүмкін болып отыр.

Аталмыш байқаудың өтуіне Қазақстан Республикасының  Мәдениет және спорт министрлігі қолдау білдіруде.

Жоба «Хабар» Агенттігінің серіктесі – «ADAM media group» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда.

Ұлттық іріктеудің әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары:

@jevision.kz @msm.govrk