16:00Эфирде: Телесериал «Клад могилы Чингисхана»
17:45Әрі қарай: «На крючке» кино
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

«Қазақконцерт» ұйымы өнер құшағын қайта ашты

«Қазақконцерт» ұйымы өнер құшағын қайта ашты

Енді өнерсүйер қауым классикалық музыканың үздік туындылары мен атақты опералардың арияларын көзбе-көз тыңдай алады.

«Қазақконцерт» жаңа маусымын ашық деп жариялады. Бұған дейін 2 жыл бойы көрерменсіз қалған өнер мекемесінде дүркіреген концерт өтті.

Дана Әлиева, тілші:

- Кеш жарық! Рақмет, әріптестер! Біз қазір тарихи сәттің куәсі болып отырмыз. Мына есіктің арғы жағында өнерсүйер қауымның көптен күткен шарасы басталды. Ендеше кіріп көрейік. «Қазақконцерт» жылдық үзілістен кейін жұмысын қайта жандандырып, 61-ші маусымын ашты.

Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің ұжымы өнер көрсетіп жатыр. Күмбірлеген күй, әуелеген әсем әнді қалың жұрт әбден сағынып қалған тәрізді. Оны осында жиналған қауымның балбұл жанған жүзінен де, ашыла айтқан ақжарма тілектерінен де аңғаруға болады.

Осы бір кешке өнер иелері аса ықыласпен дайындалыпты. Пандемия кезінде киелі сахнаның киесін сезбей, өнерін сүйсініп тамашалайтын тыңдарманы болмай, шығармашылық тоқырауға тап болған муызканттар да тебіреністерін жасырмады. Өнерсүйер қауыммен сағына қауышқан оркестр ұжымы әлемнің үздік туындыларын нақышына келтіріп орындап жатыр. Операның құзар биігі саналатын арияларды әуелетіп, қазақтың белгілі композиторларының сазды әуендерін де ортаға салды.

Жеңіс Сейдуллаұлы, «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры:

- Қалың көрермен жиналған өнер кешінде өмір салтына айналған қауіпсіздік шаралары да қаперден шығарылған жоқ. Аты жаман індеттен қорғану үшін зал 30% ғана толтырылған. Арақашықтық та сақталып, бетперде тағу тәртібі бақылауға алынған. Онлайн өмірден жалығып, бір сәт офлайн өнерге құлшынған қауымға арналған мәдени шараға 90-ға жуық өнерпаз қатысты. Елорда жұрты бүгінгі кешті осылай қарсы алды.

Сондай-ақ...