21:30Эфирде: Тұсаукесер!. «Тұмар» телехикаясы
22:30Әрі қарай: «Қазақ хандығы» телехикаясы
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Орталық Азия географиялық қоғамы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған экспедициясын аяқтады

  • Категория: Мәдениет
Орталық Азия географиялық қоғамы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған экспедициясын аяқтады

Шоқан Уәлихановтың есімі берілген яхтаның экипажы жер шарлап Ақтауға қайта оралды.

Бұл саяхат 2007 жылдың күзінде басталған болатын. Бірақ қаржылық қиындықтарға байланысты жоба уақытша тоқтаған. Төрт жылдан соң саяхат қайта жанданады. Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев яхта командасына тапсырған мемлекеттік ту үш мұхитты кесіп өтіп, Еуропа, Оңтүстік Америка мемлекеттерін, Тынық мұхитындағы аралдарды аралады. Енді жер шарын айналып шыққан көк байрақ мұражайға тапсырылады.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылған саяхатты Орталық Азия географиялық қоғамы ұйымдастырған. Оның басшысы Қанат Өскеновтың айтуынша, экспедиция мүшелері аялдаған әр айлақта Қазақстанның туын көтеріп, әнұранымызды шырқаған.

Қанат Өскенов, «Жаңару» РҚБ қалалық филиалының директоры:

 - Экспедицияның мақсаты – бүкіл елге Қазақстанды таныту. Мақсат орындалды деген ойдамыз. Алдағы уақытта үлкендеу бір жоба ойластырып, Гиннестің рекордтар кітабына кірсек пе дейміз.

Сондай-ақ...