16:00Эфирде: Телесериал «Тот, кто читает мысли (Менталист)»
18:00Әрі қарай: Кино «Глаза дракона»
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

«Бақытты бала» байқауында онға жуық мемлекет өкілі бақ сынайды

«Бақытты бала» байқауында онға жуық мемлекет өкілі бақ сынайды

Ақтөбеде «Бақытты бала» әншілер байқауы өтеді. Дәстүрлі сайыс осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр.

Былтыр пандемияға байланысты үзіліс алған қанатты жоба енді шымылдығын қайта түруге әзір. Жас әншілер үшін кәсіби біліктілігін шыңдайтын сахнада биыл онға жуық мемлекет өкілі өнер көрсетеді.

Ресей мен Украина, Белорусь пен Польша, Болгария мен Грекия елдерінен келген жас әншілердің алды Ақтөбеге жетті. Киевтен келген Кристина Душутина: «бұл байқауға жарты жылға жуық әзірлендім», - дейді. Шет елде өтетін сынға алғаш рет қатысуы. Қобалжудан бұрын қызығушылығы басым.

Кристина Душутина, байқауға қатысушы:

- Бұл байқау туралы ұстазым айтқан еді. Қатысқым келіп қатты қызықтым. Себебі жаңа елмен, жермен танысамын. Жолым болып, іріктеуден өткеніме қуаныштымын. Бұл жерде талантты дос тауып, тартысты сында өнер көрсетемін деп ойлаймын.

«Бақытты бала» сахнасының жас өнерпаздар үшін берері мол. Ақтөбе төрінде бақ сынаған Максим Ержан мен Қарақат Башанова, Нарқыз Жанұзақова сынды әншілер бүгінде қалың бұқараға танымал. Ұйымдастыру алқасы да – халықаралық байқауларда тәжірибе жинаған білікті мамандар.

Тамара Калюжная, фестиваль қонағы:

- Бұл байқау бізге таныс. Қатысушылардың да, қазылар алқасының да біліктілігі өте жоғары екенін білеміз. Сондықтан да оқушыларымыздың бағын сынап көргелі келдік.

Іріктеу кезеңі үміткерлер үшін интернет арқылы өткен болатын. Ақтық сынға 20 өнерпаз қадам басқан. 11 тамызға дейін олар өзара күш сынасып, жүзден жүйрікті анықтайды.

Айбек Кемал, жоба үйлестірушісі:

- Қазылар алқасының құрамында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Марай Әйтімов, Димаш Құдайбергеннің ұстазы және Клара Төленбаева, Болгария елінен Николай Текелиев және Өзбекстаннан Сильвия Деланоре секілді қазылар алқасының мүшелері келеді. Олар финалға шыққан 20 қатысушының өнерін бағалайды.

Байқау бағдарламасы бойынша 11 тамыз күні гала-концерт өтеді. Оған бұған дейінгі жүлдегерлер мен жеңімпаздар, «Славян базары» байқауының биылғы гран-при иегері Рухия Байдүкенова да қатысады деп күтілуде.

Сондай-ақ...