Хабар телеарнасы

Елеке сазынан сақ дәуіріне тән алтын бұйымдар табылды

Бір әшекейде басында тәжі бар және тақта отырған адам бейнеленген. Ал екінші экспонат жартылай ғана сақталыпты. Онда да тәжді адам сұлбасын көруге болады. Археологтардың пайымдауынша, бұл құнды заттар сол замандағы патшаларға тән. Қазір ғалымдар осы жәдігерлердің әр бөлшегін зерттеуге кірісті.

Зейнолла Самашев, тарих ғылымдарының докторы, профессор, археолог:
- Екі алтын салпыншақ табылды. Сол салпыншақта жанрлық композиция бар. Тақта отырған патша, содан кейін тақ бейнеленген. Енді ерекше әшекеленген керемет тақ. Бұл – көне түркі мәдениетін зерттеушілердің алдында бірінші рет ашылып отырған жаңалық. Тақтың бар екенін білетінбіз, бірақ оның түрі қандай, қалай әшекейленді, ол жағын білмейтінбіз.