Хабар телеарнасы

Аида Балаева БАҚ қызметкерлерін марапаттады

Бұл – тек қалам ұстаған жур­налистердің ғана емес, ақпарат саласында жүрген барлық қыз­меткерге ортақ мейрам.

Аида Балаева, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Қоғам күнделікті даму үстінде, біздің роль – ең бастысы сананы өзгерту, талғамды қалыптастыру. Елге күндіз-түні аянбай қызмет етіп жүрсіздер. Кәсіби мереке сол жасаған еңбектерді бағалап, БАҚ-тың рөлін жандандырып халыққа жеткізу ғой.

Қысқаша айтқанда БАҚ өкілдеріне халық пен билік ара­сын жалғайтын алтын көпір болу міндеті жүктелген. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішін­­де ұлттық медиа елімізбен бір­ге жаңару мен дамудың бе­лестерінен өтті. Осы салаға бір кездері жетекшілік қылған Қуаныш Сұлтанов тарихты былай деп еске алды.

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Баспа және бұқаралық ақпарат министрі /1991-1993жж./  

- 30 жыл бұрын бүгінгі технологияның бізде жұрнағыда жоқ еді. Ескі техника болатын. Дәстүрлі қағаз гезет, журналға басымдық берілетін. Ал бүгінгі күні электронды құралдар, интернет.

Дархан Мыңбай, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі /2012-2013 жж./

- Уақыт өткен сайын БАҚ-тың өзгеріп жатқаны – табиғи заңдылық. Оның өзіндік ерекшеліктері, даму заңдылықтары болады. Соны ескеріп жұмыс істегенде ғана БАҚ табысты болады.

Сонымен қазір Қазақстанда республика көлемінде эфирге шығатын 20-дан астам телеарна бар. Ал түрлі таралыммен шығатын газет пен журнал саны 775. Оның сыртында ақпараттық агенттіктер тағы бар. Олар үш жүзден асады. 

Міне, осы аталған БАҚ өкілдері еліміздің ақпараттық бәсекелестігін қалыптастырып, ақпараттық қауіпсіздік қамтамасыз етуде. Сондай-ақ әлемдік ақпараттық соғысқа тойтарыс беретін де өзіміздің БАҚ.

Авторы: Ердәулет Ыбырайұлы