Хабар телеарнасы

Наурыз тұжырымдамасы бойынша 16 наурыз – шежіре күні

1916 жылы Қапал оязынан келген казак-орыстар «Патша үкіметіне қарсы шықтың» деген желеумен осы өңірдегі бүкіл бір ауылды қырып тастайды. 156 адам сол жерде қаза тапты. Текелі кен орнын ашқан алғашқы қазақ геологтары Оразалы Қиқымұлы Жандосов пен Мерғали Қазбеков 1938 жылы «Халық жауы» деген жаламен атылып кетті. Тарихи-танымдық шара барысында құран оқылып, құрбандардың рухына бағышталды.

Нұржамал Шоханова, Текелі қалалық әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы:

- Шара аясында біз қазақтың төл шежіресін, тәуелсіздік шежіресін, Текелінің тарихын таныстыруды мақсат еттік. Сонымен қатар қазақтың ұлттық құндылықтарын дәріптеу мақсатында көрме ұйымдастырылып, ұлттық тағамдар таратылды.

Бүркітбай Файзулла, бүркітші:

 - Президентіміздің биылғы жылдан бастап Наурыз мерекесінің мазмұнын байыта отырып тойлап өту жайлы шығарған шешімін құптап отырмыз, қуаныштымыз. Ел-жұртымыз аман болып, Наурыздан Наурызға осылай салт-дәстүрімізді жаңғыртып, жақсылығымызды асырып тойлай беруді Алла бізге нәсіп етсін!