Хабар телеарнасы

«Хабар» Агенттігінің киноновелласы Көкшетауда жүріп жатыр

Мұнда Хадиша есімді неміс әйелінің қазақ жеріне қалай келгені, жергілікті халықтың оларды құшақ жая қарсы алып, бауырына басқаны сипатталады. Өзге ұлт өкілінің қазақтарға сіңісіп кеткені соншалық, ол өзін қазақ деп атауды сұраған.

Ал өмірден өткен әжейдің рөлін көкшетаулық көпбалалы ана 70 жастағы Қайырлы Жүсіпбекова сомдайды. Қайырлы Темірғалиқызы жас кезінде неміс диаспорасымен бір ауылда тұрған екен. Ең қызығы, ол актриса болуды армандаған көрінеді.

Қайырлы Жүсіпбекова, көпбалалы ана:

– Менің арманым орындалды. Міне, «Хадиша апа» сценасын қойып жатырмыз. Олар өте қонақжайлы еді, қазақшаны жақсы біледі. Бізбен араласып кеткен ғой. Өте жақсы адамдар.