Хабар телеарнасы

«Телқара» туындысының тұсауы кесілді

Бұл атау кездейсоқ таңдап алынбаған. Абайды бала күнінде «Телқара» деп атағаны белгілі. Бұл күйдің күмбірі арқылы ұлы ақынның жан дүниесі, даралығы, болмысы суреттеледі.

Автордың айтуынша, құнды туындының өмірге келуіне 8 ай уақыт кетіпті. Шығармашылық шабыттың күш алуына Абай топырағы әсер еткен. Күйдің ұзақтығы – 4 жарым минут. Жеке домбырада және оркестрмен орындауға болады.

Айбек Бекбосын, күйші-композитор:

– Еліміздің Президенті Тоқаевтың жылдың басындағы жазған мақаласы бар еді. «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» деген. Сол мақаласында талай дүниені қайталап көру керек деген. Енді Абай атамызға күй арнадық. Бейнебаян яғни сол өзіміздің ауылда ШҚО, Семей қаласы, Абай ауданында Орда тауында түсірілді. Сіздердің «Хабар» арналарыңызға 25 жыл толған ширек ғасырлық мерейтойларыңыз құтты болсын. Соған да тарту ретінде әкеліп тұрмын.