MTV USA арнасынан Димаштың қазақ тіліндегі әнінің бейнебаяны көрсетіледі
- Категория: Мәдениет

Бейнеклип жұма күні Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен түнгі 03.00-мен таңғы 06:00 аралығында жүктелетіні белгілі.
Оны арнаның ресми YouTube желісі арқылы күллі әлем тамашалай алады. Димаш MTV арнасынан өз тілінде ән салған тұңғыш қазақ әншісі болмақ.
Димаш Құдайберген, әнші:
– Менің тыңдармандарыма, әлемнің әр түпкіріндегі өнерімді бағалайтын жанкүйерлеріме шын жүрегіммен алғыс айтамын. Олар менің бала күнгі арманымның орындалуына себепкер болды. Қазақстан ғана емес, төрткүл дүниедегі Dear-ларымның қолдауына разымын. Құрметім мен алғысым шексіз!