Хабар телеарнасы

Роза Рымбаева тікелей эфирде концерт берді

Мәселен 26 наурыз күні кешкі уақытта ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева өнер көрсетті.

Трансляция YouTube-та, сондай-ақ Facebook және Instagram парақшаларында жасалды. «Карантиндегі жұлдыз» жобасын, «Қазақтелеком» мен Мәдениет және спорт министрлігі бірлесе іске асыруда. Live режиміндегі көңілді кешті бұған дейін Жұбаныш Жексенұлы мен Жеңіс Сейдуллаұлы өткізген болатын. Төтенше жағдайға байланысты қазір осындай бірнеше онлайн-жоба жасалған. Яғни мұндай концерттер әлі де өз жалғасын таба бермек.