Хабар телеарнасы

Үнді кинокомпаниясы елімізде толықметражды фильм түсіріп жатыр

Ал күні кеше елордада «Хабар» Агенттігінің студиясында жалғасты.

«Жалынды қанаттардың» кей бөлігі Женева мен Санкт Перебургте түсірілген. Күні кеше Алматыда да таспаланды. Фильмдегі мынадай қауіпті трюктерді өзіміздің каскадерлер орындаған. Түсірілім жұмыстары Үлкен Алматы көлінде, Медеу, Шыңбұлақ, Үшқоңырда жүргізілді.

Кинокомпания өкілдері мен әртістер елордадағы Қазмедиа орталығына келді. Түсірілім жұмыстары «Хабар» Агенттігінің жаңалықтар студиясында жалғасты. Фильмнің жанры – экшн. Режиссері – Навин Мохаммед Али. Кинода әйгілі Арун мен Энтони Виджайлар, тіпті аты аңызға айналған үндістандық актер Камал Хасанның қызы Акшара Хасан ойнайды.

Тхирунавукарасу Сивалингам, фильмнің продюсері:

- Фильм желісі бойынша басты рөлді сомдайтын қыздың әкесі Үндістаннан, анасы Қазақстаннан болады. Сондықтан да киноны осы жақта түсіріп жатырмыз. Оның үстіне біздің елдегі телеарналардың студиялары дәл сіздердікіндей камера, құралдармен қамтамасыз етілмеген. Ал «Хабар» дамыған, әлеуетті агенттік екенін білеміз. Бұл киномызға салмақ береді. Және табиғатын көріп Алматыға ғашық болдым. Сондықтан елдеріңізде түсіруді жөн көрдік. Бұл біздің компанияның 23-фильмі.

Майра Қарсақбаева, кинокомпанияның директоры:

- Ерлан Бекхожинмен кездестік. Сол кісі қолдады. Киноның ішінде «Хабар» арнасы «Хабар» болып, Шыңбұлақ та Шыңбұлақ болып қалады. Енді келесі ойымыз «Астана Опера» театрында түсіру болып тұр.

Түсірілімінде Болливудтың өкілдері жүрген фильм 130 минуттан тұрады. Киноның премьерасы алдағы маусым айында болмақ. Қазақ тілінде субтитрмен де шығады. Тіпті дубляж жасалып, қазақстандық арналарға берілуі де мүмкін. Атап өтейік, Үндістан – киноның дамыған жері. Мәселен тек 2018 жылдың өзінде Болливуд 1800 фильм түсірген. Ал Голливудтың жылдық көлемі 500 кино екен. Яғни үндістандықтар экранға бір күнде шамамен 5 фильм шығарып отырған.

Авторлары: Қорған Төреқожа, Асхат Қарақойшиев