Хабар телеарнасы

Қарағандылық оқушылар қоғамдық көлікте Абай шығармаларын орындады

Бұл жолы олар ұлы ойшылдың шығармаларын қоғамдық көлік ішінде орындап, халықтың ықыласына бөленді.

Ақынның әндерін жұрт жатқа білетін болып шықты. Жолаушыларға тосын сый жасауға автопарк басшылығы да атсалысқан. Бұл күні оқушылар сондай-ақ Абайдың қара сөздері жазылған танымдық плакаттар автобус ішіне де ілінген. Ақынның 175 жылдығына арналған шаралар алдағы уақытта да жалғаса бермек.

Тұмар Совет, М.Жұмабаев атындағы №39 гимназия оқушысы:

- Мағжан Жұмабаев атындағы №39 гимназиясында түрлі клуб ашылды. Оның ішінде еріктілер клубы да бар. Осы еріктілер клубының ашылуына байланысты және де Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай біз №2 автопарк жетекшілерінің рұқсатымен осы шараны ұйымдастырдық. Осы шарадағы мақсатымыз – Абай Құнанбайұлының қара сөздерін, шығармаларын насихаттау.