Хабар телеарнасы

«Қорқыт» дәстүрлі саз тобы 75 шығарманы тоқтамастан бір демде әуелетті

Ұлттық өнерді насихаттауға арналған кеште қазақ және шетел авторларының шығармалары орындалды. Өнерпаздар 4 сағат бойы көрермен алдында өз шеберліктерін паш етті. Домбыра, сырнай, қобыз, жетіген мен дауылпаздан төгілген саз көпшіліктің көңілінен шықты.

Қуандық Құдайбергенов, Қазақстан рекордтар кітабының Нұр-Сұлтан қаласындағы өкілі:

- «Қорқыт» ансамблі әлем деңгейінде болмаған көрсеткішке ие болып отыр. Сондықтан біз қуануымыз керек. Біраз әріптестерімізбен, басшыларымызбен сөйлесіп, нәтижесінде «сертификатты беру керек» деген келісімге келдік.